Ұшақ жолаушысы әуеде өзіне қол жұмсап өлді

Азамат Ахметов

Стамбұл-Марракеш рейсінің жолаушысы әуеде суицид жасап көз жұмды деп хабарлайды Mynet.com порталы.

Turkish Airlines әуе компаниясының баспасөз қызметі хабарлағандай, жолаушы дәретханаға кіріп кетіп, ұзақ уақыт шықпай қойған. Ұшақ қызметкерлері есікті бұзып ашқанда оның мәйітін тапқан.

Әуе борты шұғыл Алжир әуежайларының біріне қонды. Ұшаққа дереу келген дәрігерлер жолаушының қайтыс болғанын тіркеді. Қазіргі таңда суицид жасауға не себеп болғаны анықталып жатыр.