Жазушы, қоғам қайраткері Шерхан Мұртазаның жалғыз ұлы Батылжан Шерханұлы дүниеден өтті, деп жазады turkystan.kz.
Бұл туралы Жамбыл атындағы қалалық жасөспірімдер кітапханасының басшысы Бану Даулетбаева Facebook-тегі парақшасында жазды.
«Шерхан Мұртазаның ұлы қайтыс болды деген хабар жетті. Жалғыз ұлы еді», – деді ол.
Әлеуметтік желіде Батылжан Шерханұлының үйленбегенін және артынан ұрпақ қалмағанын да жазып жатыр.