Алматыда жасөспірім қыз жоғалып кетті

Шымкенттік полицейдің жас қызды ұрған сәті видеоға түсіп қалған (ВИДЕО)

Азамат Ахметов

Шымкенттік жас қызды полицейдің ұрып жатқан сәті видеоға түсіп қалған. Аталған роликті «Не молчи» қозғалысының жетекшісі Дина Таңсәрі жариялады.

«Не молчи» қозғалысына жәбірленген қыздың адвокаты шағымданыпты. Оқиға биыл 2 маусымда болған екен. Қорғаушының сөзінше, осы жайттан кейін полиция қызметкері қызды көлігімен соққан көрінеді. Куәгерлер де бар. Ал, бойжеткен жеңіл дене жарақатын алған. 

Шымкент қалалық Полиция департаментінің байпасөз қызметі қызға қол көтерген полицейдің кім екенін анықтағанын мәлімдеді, бірақ кім екенін айтудан бас тартып отыр. Оқиғаның себебін де тергеу құпиялығына байланысты жарияламады. Белгілісі – тәртіп сақшысы Еңбекші аудандық Полиция басқармасында жұмыс істейді, оның әрекетін Ішкі қауіпсіздік басқармасы тексеріп жатыр.

Сізге қызықты болады