Алматыда жасөспірім қыз жоғалып кетті

FlyArystan әуе компаниясының ұшағы Түркістаннан Астанаға 15 сағаттан астам уақыт ұша алмай тұр

Азамат Ахметов
Sputnik Казахстан

FlyArystan әуе компаниясының Түркістаннан Астанаға ұшуы тиіс ұшағының жолаушылары 16 сағаттан бері діттеген жеріне жете алмай отыр. Компания өкілдері «өндірістік қажеттілік» деген желеумен ұшақты ұшырмауда.

«FlyArystan хабарлайды: 29 шілдеде сағат 00:55-те Түркістан – Астана бағытында ұшуы тиіс болған KC7362 рейсі өндірістің қажеттілік үшін кешіктіріліп жатыр. Ұшу уақыты 29 шілде сағат 16:30-ға ауыстырылды. Жолаушылардан қолайсыздық үшін кешірім сұраймыз», – делінген әуе компаниясы таратқан хабарламада.

FlyArystan жолынан қалған жолаушыларға ыстық тамақ пен шайын беруге және телефон байланысымен қамтамасыз етуге уәде берді.

Ұшу ережесі бойынша, егер ұшақ күндіз 8, түнде 6 сағаттан көп кешіксе әуе компаниясы жолаушыларды жатын орынмен қамтамасыз етуге міндетті.

Еске салайық, осыдан бірнеше күн бұрын дәл осы FlyArystan әуе компаниясы Түркиядан Қазақстанға бет алған тоғыз жолаушыны Стамбұл әуежайында тастап кеткен болатын. Жүгі белгіленген шамадан асып кеткен жолаушылардан ақша сұраған әуе компаниясы оларға чек бермеген. Ал, чек сұраған жолаушыларды ұшаққа отырғызбай Түркияда тастап кеткен. Олардың арасында кішкентай бала да бар.

Сізге қызықты болады