Алматыда жасөспірім қыз жоғалып кетті

Түркияда жол апатына ұшыраған қазақстандық туристердің бірі қайтыс болды

Азамат Ахметов

Түркияның Анталья қаласында жол апатына ұшыраған қазақстандық туристердің бірі аураханада қайтыс болды деп хабарлады ҚР Сыртқы істер министрлігі.

Министрліктің ресми өкілі Айбек Смадияров бұдан басқа ақпараттың әзірге жоқ екенін айтып отыр. Марқұм кеше жол апатынан кейін шұғыл ауруханаға жеткізілген болатын.

«Жолаушылардың бірі кешегі апаттан кейін ауыр дене жарақаттарын алып, ауруханаға жеткізілген болатын. Ол қайтыс болды. Марқұмның ұлы – ҚР азаматы бүгінгі таңда Антальяға келіп, біздің дипломаттармен бірге жүр. Оған қажетті көмектің бәрі көрсетіліп жатыр», - деді А.Смадияров.

Еске салайық, 30 шілдеде қазақстандық труристер мінген шағын автобус жүк көлігіне соқтығысып, оқиға орнында Түркия мен Украина азаматтарының қайтыс болғаны хабарланған еді. Салонда болған 12 адам түрлі дене жарақаттарымен ауруханаға жеткізілген.

Сізге қызықты болады