Қызылорда облысында әйелімен жанжалдасып қалған ер адам өзін өртеп жіберді деп хабарлайды Tengrinews.kz.
Оқиға 30 шілдеде облыс орталығындағы шағынаудандардың бірінде болған.37 жастағы ер адам әйелімен ұрысып, күйзеліске түссе керек, үстіне жанармай құйып, өзін өртеп жіберді.
Алғашқы медициналық көмек көрсетілгеннен кейін ер адам көпбейінді облыстық ауруханаға жатқызылды. Оның денесінің біраз бөлігін күйік шалған.
Ал, ауруханадағылар науқастың халі туралы ақпарат беруден бас тартты. Облыстық полиция департаменті де әзірге комментарий бермеді.