Шымкентте полицей жас келіншек пен кішкентай баласын көлікпен қағып кетті (ВИДЕО)

Азамат Ахметов
Көрнекі фотосурет

3 шілдеде Шымкентте полиция қызметкері жолдан өтіп бара жатқан жас әйел мен оның жеткіншек қызын қағып кетті деп хабарлайды Polisia.kz.

Оқиға кешкі бес шамасында Байтұрсынов көшесінде болған. Келіншек қызын жетектеп жаяу жүргіншілер жолағынан өтіп бара жатқанда, полиция қызметкері қызметтік көлікпен оларды қағып кеткен.

Ана мен бала ауруханаға шұғыл жеткізілді. Ал, полиция басшылары олардан кешірім сұрап жатыр.

«Шымкент қалалық Полиция департаментінің басшылары жарақат алғандардан және олардың туыстарынан кешірім сұрайды», – делінген полиция өкілдері таратқан хабарламада.

Қазіргі таңда адам қаққан тәртіп сақшысына қатысты тергеу-тексеру амалдары жүргізіліп жатыр.