Қарағандыдағы әлеуметтік орталықта балалардың жаппай улану фактісі 30 шілдеде тіркелген болатын. Ауруханаға түскен 14 баланың біреуі қайтыс болған еді.
Облыстық Денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, қазіргі таңда алты баланың жағдайы әлі де ауыр. Үш бала бүгін-ертең ауруханадан шығады.
Ауруханада қазір барлығы 9 бала ем қабылдап жатыр. Олардың екеуі балалар ауруханасының жансақтау бөлімінде жатса, жетеуі – жұқпалы аурудар орталығында емделуде.
Акта кетейік, дәрігерлер әзірге балалардың нақты неден уланғанын әлі ресми айтқан жоқ.