Алматыда жасөспірім қыз жоғалып кетті

Түркістан облысында бір-біріне туыс 11 адам Сырдарияға ағып кетті

Азамат Ахметов

Түркістан облысында ағайынды 11 адам отбасылық демалыс кезінде суға батып кетті. Оқиға 21 тамызда болған. Суға батып кеткен адамдар бір-біріне туыс болып келетін 4 отбасының мүшелері деп жазады Otyrar.kz.

Құтқарушыларға кешкі сағат алтылар шамасында Отырар ауданы Сырдария өзеніндегі көпірдің астында отбасылық демалысқа шыққан Көксарай ауылының тұрғындары суға батқандығы туралы хабарлама келіп түскен.

Анықтау жұмыстары барысында 4 ағайынды отбасы мүшелерінің суға батқаны белгілі болған. Сырдария өзеніне демалуға барған азаматтардың жалпы саны – 20 адам. Соңғы мәлімет бойынша автокөлік көпірінің маңында 11 адам шомылуға арналмаған жерде суға түсіп, батып кеткен.

Оқиға орнына құтқару тобы, Түркістан облысы әкімінің екі орынбасары, Отырар ауданы әкімдігі, АПБ, ТЖБ қызметкерлері, еріктілер  жедел жетті.

«Оқиға орын алған жерге құтқарушылар барған кезде 20 демалушының 11-і суға батып кеткені анықталды. Қазіргі таңда 6 адамның денесі табылды. Қалған 5 адамның денесін іздестіру жұмыстары жүргізіліп жатыр»,-деді Түркістан облысы ТЖД бастығы Нұрғали ЖҮНІСОВ. 

Облыс әкімдігінің мәліметінше, ТЖД-да жедел штаб құрылып, қауырт желі жұмыс істеуде 8-7253-357881. Іздестіру жұмыстарына 144 адам, 16 техника, 6 жүзу құралы және дрон жұмылдырылды.

Сізге қызықты болады