Павлодар облысында анасы екі баласымен бірге суға батып кетті

Азамат Ахметов

Павлодар облысында 43 жастағы әйел екі баласымен бірге Ертіс өзеніне батып кетті деп хабарлады облыстық ТЖД баспасөз қызметі.

Көрнекі фотосурет: sputnik

Әйел алты және тоғыз жасар екі баласымен көлікте отырғанда, көлік өзенге қарай жүріп кеткен. Үшеуі де шығып үлгере алмай мерт болды.

Құтқарушылар қайтыс болған отбасының денелерін арнайы техникамен су астынан алып шықты. Алдын ала болжам бойынша, көлік байқаусызда сайға қарай жүріп кеткен.