Әнипа Назарбаеваның колледжі мемлекетке қайтарылды

Азамат Ахметов

Ол аталған оқу ордасын 2016 жылы, яғни Нұрсұлтан Назарбаев президент кезінде жекешелендіріп алған

Нұрсұлтан Назарбаевтың қарындасы Әнипа Назарбаеваға тиесілі колледж мемлекет меншігіне қайтарылды деп хабарлайды «Пятый регион» порталы.

Оқу ордасы Алматы облысында орналасқан.

БАҚ-тың жазуынша, мамыр айының соңында Шамалғандағы «Үшқоңыр су шаруашылығы колледжін» мемлекеттің меншігіне қайтаруға қатысты сот өткен. Сотқа 2022 жылы облыстың қаржы басқармасы арыз түсірген екен. Жауап беруші тарап – «Анипа» ЖК, иесі Әнипа Назарбаева. Ол аталған оқу ордасын 2016 жылы, яғни Нұрсұлтан Назарбаев президент кезінде жекешелендіріп алған.