Түркістан облысында 5 жасар қызды өлтірген педофилге сот үкімі шықты

Азамат Ахметов

Қылмыскер піштірілетін болды

Түркістан облысының Сарыағаш ауданында 5 жасар қызды зорлап, айуандықпен өлтірген педофил өмір бойына бас бостандығынан айрылды. Қылмыскердің соты Шымкентте өтіп, судья бүгін соңғы үкімді оқыды.

«Сот үкімімен кішкентай қызды өлтірген адам өмір бойына сотталды және оған химиялық кастрация жасау тағайындалды. Сонымен қатар, оған 100 миллион теңге моральдық шығын төлеу міндеттелді», - делінген хабарламада. 

Сотталушы жазасын қатаң режимдегі мекемеде өтейтін болады. Үкім әлі заңды күшіне енген жоқ.

Марқұм қыздың туыстары сот процесіне қатыстырылған жоқ. 

Еске салайық, бүкіл елдің жағасын ұстатқан жантүршігерлік қылмыс биыл 14 шілдеде болған еді. Бұрын сотталған ер адам Жібек жолы ауылында көршісінің 5 жасар қызын зорлап, өлтіріп, денесінің үйінің қорасына жасырып қойған. 

Еркежан Нұрмахан 13 шілдеде түс уақытында ауладан із-түзсіз жоғалып кеткен. Бүлдіршінді іздеуге бүкіл ауыл халқы жұмылған. Марқұмның туыстарын бұрын сотталған көршісінен күдіктенген. Іздеп жүрген топ оның үйіне екі рет барғанымен, үйін тек үшінші рет барғанда ғана толық тінтіп шыққан. Сол кезде күдіктінің қорасынан көптеген пышақ жарақаты бар қыздың денесі табылған.  

Педофил бұрын екі рет сотты болған. Біріншісінде ол адам өлтіргені үшін ұзақ мерзім түрмеде отырса, екіншісінде биыл адам өлтіруге оқталып, жәбірленушіге ауыр дене жарақатын салған. Соған қарамастан судья оны қамамай, жазаны үйінде өтеуге жіберіпті.