Алматыда жасөспірім қыз жоғалып кетті

Журналист Сандуғаш Дүйсенованы Астанада соттайтын болды

Азамат Ахметов

Сот отырысы 8 қыркүйекке белгіленген

Талдықорғандық журналист Сандуғаш Дүйсенованың үстінен қозғалған әкімшілік іс бойынша сот Астанада өтетін болды. Бұл туралы журналистің өзі хабарлады. 

Сот отырысы 8 қыркүйекке белгіленген.

С.Дүйсенованы өзге біреудің жеке мәліметтерін бұқараға жария етті деп айыптап жатыр. Атап айтқанда, адам өлтіріп сотталған қылмыскердің ЖСН номерын ол әлеуметтік желіде жариялаған.

11 тамызда журналисті полицейлер ұстап алып кетіп, үйін тінтіген болатын. Ал, Дүйсенова болса полицейлердің өзін шешіндіріп, оны камераға түсіргенін айтып шағымданды. Дегенмен, тәртіп сақшылары өздерінің бұл әрекеті заң аясында жүргізілгенін айтады.

Сізге қызықты болады