300-ден астамы ауруханаға жатқызылды
Мароккодағы жер сілкінісі жүздеген адамның өмірін жалмады. Елдің ішкі істер министрлігі 632 адам қаза тапқанын хабарлады.
Магнитудасы 6,9-ға дейін жеткен жер сілкінісі түнде елдің оңтүстігіндегі бірнеше аймақта сезілген. Ғимараттар жаппай қирап, ададмар үйінділердің астында қалған.
Бұл кем дегенде жиырма жылда болған Мароккодағы ең үлкен жер сілкінісі болып отыр.