Алматыда жасөспірім қыз жоғалып кетті

Ақмола облысында жоғары сынып оқушылары 5-сынып қызын зорлады деп айыпталуда

Азамат Ахметов

Күдікті балалардың бірі – мұғалімнің ұлы болып шықты

Ақмола облысында жоғары сыныптың оқушылары бесінші сыныпта оқитын қызды зорлады деген айыппен күдікке ілінді. Бұл туралы облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Ақпаратқа сәйкес, қылмыс өткен жылы болған. Айыпталушылардың бірі мектеп мұғалімінің ұлы екен. Ақмола облысының ПД кәмелетке толмаған балаға қатысты жыныстық сипаттағы зорлық-зомбылық фактісі бойынша тергеу жүргізіліп жатқанын хабарлады. 

«Бұл оқиға, жәбірленуші тараптың мәлімдемесіне сәйкес, 2022 жылдың маусым айында болған. Қазіргі уақытта сараптама тағайындалды, оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр. ҚР ҚІЖК-нің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жария етілмейді», - деп атап өтті департаментте.

Сізге қызықты болады