Алматыда жасөспірім қыз жоғалып кетті

«Ескі Қазақстанның өкілдері»: депутат Бақытжан Базарбектің қоларбасын өртеген күдікті ұсталды

Азамат Ахметов

Оқиға өткен аптада болған еді

Мәжіліс депутаты Бақытжан Базарбек өткен аптада пәтерінің алдында тұрған балалар қоларбасын белгісіз біреулердің өртеп кеткенін Facebook-парақшасында жазған болатын.

Оның болжауынша, бұл кездейсоқ оқиға емес, мұны «ескі Қазақстанның» өкілдері әдейі ұйымдастырған. Өйткені, депутат «Жер аманаты» комиссиясының құрамында жүріп, Болат Назарбаев пен өзге де «олигархтарғай тиесілі жерлерді анықтап, көпшілікке жария еткен.

Полиция бүгін аталған іске күдіктінің ұсталғанын айтты. Ол 1991 жылғы ер азамат екен. Басқа ақпарат жоқ. Сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Күдіктінің «ескі Қазақстанға» қатысы бар ма, жоқ па, оны Бақытжан Базарбектің өзі жаза жатар.

Сізге қызықты болады