Алматыда жасөспірім қыз жоғалып кетті

Самат Әбіштің үстінен қылмыстық іс қозғалды

Азамат Ахметов

Бұған дейін ҰҚК-ның экс қызметкері Қаңтар кезінде Самат Әбіштің нұсқауымен әрекет еткенін айтқан болатын

ҚР ҰҚК-нің экс-бірінші орынбасары Самат Әбіштің үстінен қылмыстық іс қозғалды деп хабарлайды Бас прокуратура.

Нұрсұлтан Назарбаевтың інісі Қаңтар оқиғасынан кейін қызметінен кеткен болатын. Аталған оқиғаға қатысты істе Әбіш тек куәгер ретінде қарастырылып келді. Ал, ҰҚК басшысы болған Кәрім Мәсімов пен оның бірнеше орынбасары «мемлекетті басып алмақ» болды деген айыппен ұзақ жылға сотталған еді.

Қазір Бас прокуратураның Арнайы прокурорлары Самат Әбішке қатысты «Қаңтар оқиғалары» кезінде билік пен лауазымдық өкілеттіктерді асыра пайдалану фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізуде.

«Тергеу құпия құжаттаманың едәуір көлемін зерделеумен байланысты. ҚР ҚПК-нің 201-бабына сәйкес тергеу мүддесінде сотқа дейінгі тергеп-тексерудің өзге де деректері жария етілуге жатпайды.Сонымен қатар, қадағалау ведомствосы Конституция нормаларына сәйкес заң мен сот алдында бәрі тең екенін атап өтті»,- деп хабарлады Бас прокуратураның баспасөз қызметі.

Тергеу қорытындысы бойынша заңды іс жүргізу шешімі қабылданатын болады.

Сізге қызықты болады