Ол дереу қамауға алынған
Шымкент қалалық әкімдігінің лауазымды қызметкері 700 миллион теңгеден астап бюджет қаражатын жымқырды деген күдікпен ұсталды. Бұл туралы Қаржылық мониторинг агенттігінің баспасөз қызметі хабарлап отыр.
«Бюджеттен аса ірі көлемде қаражат жымқыру ісін Агенттіктің Шымкент қалалық департаменті тергеп жатыр. Қылмыс жасады деген күдікпен Шымкент қаласы Әл-Фараби аудандық әкімдігінің лауазымды қызметкері анықталып ұсталды. Ол өз лауазымын пайдалана отырып, 150 көпқабатты үй аулаларын тазалықта ұстау қызметі бойынша жұмыс пен материалдардың құнын бірнеше есеге дейін қымбат көрсеткен. Күдіктіге 700 миллион теңгеден астам бюджет қаражатын талан-таражға салды деген күдікпен ұсталды», - делінген аталған хабарламада.
Қазіргі таңда шенеунік қамауға алынып, сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.