Алматыда жасөспірім қыз жоғалып кетті

«ҚТЖ-жүк тасымалы» жұмыс істемейтін адамдарға жалақы мен сыйақы төлеп келген

Азамат Ахметов
Sputnik Казахстан

Олардың қатарында 7 жыл бұрын қайтыс болған азамат та бар

Көлік прокурорлары «ҚТЖ-Жүк тасымалы» ЖШС-нің филиалдарында қаржыландыруға жатпайтын 742 адамға 10 млн теңгеден астам сомаға сыйақылар мен төлемдерді заңсыз есептеу фактілерін анықтады.

Бұл туралы Бас прокуратураның ресми өкілі Дархан Дүйсембай мәлімдеді.

Оның айтуынша кәсіпорынның Ақмола филиалы өмірден жеті жыл бұрын өткен зейнеткер атына ақшалай қаражат аударып отырған.

«Бұдан бөлек, Қарағандыда кадр бөлімінің басшысы ата-анасын теміржолшы зейнеткері ретінде заңсыз тізімге қосып, оларға бес жыл бойы 1 млн теңгеден астам сомаға жеңілдіктер, өтемақы төлемдері мен сыйақы беріп отырған», - деп атап өтті ол.

Қазіргі кезде заңсыз төлемдерді қайтару бойынша шаралар қабылдануда. Сонымен қатар, аудиторлық тексерулер тағайындалып, сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды.

Теги:
Сізге қызықты болады