Оқиғаның нақты себебі әлі анықталмады
Астанада 18 жастағы қыз балконнан құлап қайтыс болды, деп хабарлайды қалалық Полиция департаментінің баспасөз қызметі.
«Тұран даңғылындағы тұрғын үй кешенінің балконынан құлаған 2005 жылы туған елорда тұрғынының қайтыс болу фактісі бойынша Қылмыстық кодекстің 105-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр», - делінген ресми хабарламада.
Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру барысы мен өзге де деректері жария етуге жатпайды.