Ол аталған қызметте небәрі 7 ай ғана жұмыс істеген
Шымкент қалалық Мәдениет, тілдерді дамыту және архив басқармасының басшысының үстінен қылмыстық іс қозғалды деп хабарлады ҚазТАГ.
Ведомство шенеуніктің қандай қылмыс бойынша күдікті деп танылғанын хабарлаған жоқ. «Сотқа дейінгі тергеу амалдары жүріп жатыр», - деп қысқа қайырған Антикор өкілдері.
Айта кетейік, аталған қызметті 2023 жылдың наурыз айынан бері Сәкен Шакеев атқарып келеді. Небәрі жарты жылдан астам уақытта оның «не бүлдіргенін» Антикор алдағы уақытта хабарлайды.