Алматыда жасөспірім қыз жоғалып кетті

Израильдің шабуылынан қаза тапқан палестиналықтар саны 1500-ден асты

Азамат Ахметов
РБК

Қаза тапқандар арасында 500 бала бар

Израиль қоршауында қалған Газа секторына жасалған әуе шабуылынан қаза тапқан палестиналықтар саны 1537-ге жетті.

Газа денсаулық сақтау министрлігі қаза тапқандар арасында 500 бала бар екенін хабарлады.

Ведомство таратқан жазбаша мәлімдемеде аймақта қаза болғандар мен жараланғандар туралы мәлімет берілді.

«7 қазаннан бері Израильдің Газа секторына жасаған шабуылдарынан 1537 адам қаза тапты. Оның 500-і – бала, 276-сы – әйел. Сондай-ақ 6612 адам түрлі жарақат алды», - делінген мәлімдемеде.  

Бұған дейін министрлік 1417 адамның қаза тауып, 6268 адамның жараланғанын айтқан болатын.

Еске салайық, 7 қазанда таңертең палестиналық ХАМАС қозғалысының әскери қанаты Израильге қарсы «Әл-Ақса тасқыны» операциясының басталғанын хабарлады. Газа секторынан Израильге қарай мыңдаған зымыран ұшып, қарулы топтар Израиль елдімекендеріне басып кірді.

Бұған жауап ретінде Израиль армиясы ондаған жойғыш ұшақпен Газа секторындағы ХАМАС-қа қарсы «Темір қылыштар» операциясын бастағанын мәлімдеді.

Израиль мәліметітне сүйенсек, соңғы шабуылдардан кемінде 1300 израильдік қаза тауып, 2600-ден астамы жараланған.

Сізге қызықты болады