Күдіктіні полиция ұстады
Түркістан облыстық полиция департаментінің мәліметінше, Сайрам ауданының Ақсукент кентіндегі жеке клиникада пациенттердің бірі ультрадыбыстық кабинетте кезекте тұрғанда жанжал шығарып, рентгенолог-дәрігерге пышақ жарақатын салған.
«Жәбірленуші ауруханаға жатқызылды. Оқиға орнына жедел-тергеу тобы дереу шықты», - делінген облыстық ПД хабарламасында.
Аталған дерекке қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 106-бабының 2-бөлігі «Денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру» бойынша қылмыстық іс қозғалды.
«Полиция ауданның 27 жастағы күдікті тұрғынын ұстады. Қазіргі уақытта ол уақытша ұстау изоляторына қамалды. Болған оқиғаның барлық мәнжайы анықталуда», - делінген хабарламада.