Алматыда жасөспірім қыз жоғалып кетті

Сәкен Майғазиев жол көлік оқиғасына ұшырады

Азамат Ахметов

Көліктерге айтарлықтай зиян келген

МузАрт тобының солисі, белгілі әнші Сәкен Майғазиев мінген автокөлік өзге автокөлікпен соқтығысқан. Оқиға салдарынан ешкім зардап шекпеді.

Бұл туралы әнші өзінің Instagram-дағы парақшасында мәлім етті.

Әншінің сөзінше жол көлік оқиғасы Түркістан облысында Сарыағашқа барар жолда болған. Адамдар дін-аман, бірақ екі көлікке де айтарлықтай зиян келген.

«Міне, Сарыағашқа келе жатыр едік. Жол тар, машина көп. Алла бәле-жаладан сақтасын. Жолда абайлап жүріңіздер. Аман қалғанымызға Аллаға шүкір», - деп жазды ол.

Әнші әлеуметтік желіде қолдау білдіріп жатқан барша оқырманына алғысын да айтты.

«Барша тілектес жандарға мың алғыс. Алла разы болсын. Шынымен де сондай бір оқыс оқиғаға тап болдық. Ең бастысы аманбыз. Қасымда Бағлан Жолдасов болды. Алла тағала арасында осылай сабақ беріп, сынап қояды», - деді Майғазиев.

Сізге қызықты болады