Оқиғадан соң колонияның бірнеше қызметкері тәртіптік жазаға тартылған
Абай облысында қылмыс жасап, сотты болған полицейлер мен өзге де құқық қорғаушылар жазасын жазасын өтейтін түрмеде сотталушы мерт болды, деп хабарлайды ҚазТАГ.
Облыстық қылмыстық-атқару жүйесі департаменті кісі өлтіру оқиғасының 5 қазанда болғанын мәлімдеді.
«Абай облысындағы №19 ҚАЖ аралас күзет мекемесінде екі сотталушының арасында жанжал туындап, соның салдарынан сотталғандардың бірі алған жарақатынан оқиға орнында қайтыс болды», - деп хабарлады ведомстводан.
Семей қалалық ПБ «Адам өлтіру» бабы бойынша қылмыстық іс қозғады. ҚАЖД мәліметінше, қызметтік тексеру қорытындысы бойынша мекеменің бірнеше қызметкері қатаң тәртіптік жазаға тартылды.
Айта кетерлігі, аталған мекемеде бұрынғы тәртіп сақшылары жазасын өтеп жатыр.
Бұған дейін тараған ақпарат бойынша, колониядағы сотталғандардың бірі екіншісін пышақтап тастаған.