Алматыда жасөспірім қыз жоғалып кетті

Мектептер қызылшаға байланысты карантинге жабыла ма?

Азамат Ахметов
Фото ашық дереккөзден

Биылдың өзінде 11 мың бала қызылша жұқтырған

Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте оқушылардың жаппай қызылшамен ауыруына қатысты пікір айтты.

Журналистер министрден мектептерді карантинге жабу мәселесін сұраған.

«Бұл бағытта Денсаулық сақтау министрлігі тиісті іс-шаралар қабылдап жатыр. Қызылшаны ауыздықтау, оны таратпау бойынша ауқымды іс атқарылып жатыр. Мектептің жұмысын тоқтату немесе тоқтатпау мәселесі Денсаулық сақтау министрлігінің құзыретінде, сондықтан олардың шешімін күтеміз», - деді Бейсембаев. 

Ал, Сенаттың жалпы отырысының кулуарында дерттің өршуіне қатысты Денсаулық сақтау бірінші вице-министрі Тимур Сұлтанғазиев түсініктеме берді.

«Биыл қызылшамен ауырғандар саны 11 мыңнан асып түсті. Жағдай әсіресе Шымкент, Алматы қалалары мен Алматы, Жамбыл облыстарында ушығып тұр. Жалпы сырқаттанған адамдардың 83%-ы – 14 жасқа дейінгі балалар. Олардың басым бөлігі, яғни 85%-ы – екпе алмаған балалар. Сондықтан екпені нығайту бойынша жұмыс жалғасып жатыр. 6-11 айлық сәбилер мен 2-5 жас аралығындағы балаларға екпе салынады. Ал екпе алмағандардың басым көпшілігінде медициналық қарсы көрсетілімдері бар немесе әлеуметтік желілерден шындыққа жанаспайтын ақпараттар алған. Соған байланысты ата-аналар балаларына екпе салдырудан бас тартып жатыр», - деп түсіндірді бірінші вице-министр.

Сізге қызықты болады