ЖКО салдарынан ешкім зардап шекпеген
Шығыс Қазақстан облысында мас күйінде көлік жүргізіп, жол көлік оқиғасын жасаған әкім жұмыстан қуылды.
YK-news жазуынша, ауыл әкімі қызметтік көлігін тізгіндеп келе жатып, өзге көлікке соғылған.
«1 қазанда Алтай ауданына қарасты ауылдық округтердің бірінің әкімі қызметтік көлігін тізгіндеп, аулада тұрған ВАЗ көлігіне соғылды. Жол-көлік оқиғасы Алтай қаласында тіркелді», - делінген хабарламада.
ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Шығыс Қазақстан облысы бойынша департаментінен хабарланғандай, 31 қазанда Әдеп жөніндегі кеңес әкімге қатысты тәртіптік істі қарады.
«Нәтижесінде мемлекеттік қызметкер қызметінен босатылды», - делінген хабарламада.