Алматы облысында полицей жұмбақ жағдайда қайтыс болды

Азамат Ахметов

Оның мәйіті әріптесінің үйінен табылған

KP.KZ

Балқаш ауданына қарасты Бақанас ауылында полиция қызметкері белгісіз жағдайда көз жұмды. Алдын ала мәлімет бойынша, ол өзіне қол салған деп хабарлайды Orda.kz.

5 қарашада Балқаш аудандық Полиция басқармасының қызметкері Әділет Төлепбеков денсаулығының нашарлағанын айтып, жұмыстан сұранып кеткен. Бірақ, ол өз үйіне емес, әріптесінің үйіне барған. Сол үйден тамақтанып, басқа бөлмеге демалуға кіріп кеткен де, қайта шықпапты. Жолдасы артынан кіргенде оның көз жұмғанын анықтаған.

Құқық қорғау органдарындағы дереккөз мәлімдегендей, полицейдің жүрегіне қайшы кірген. Мұны суицид ретінде қарастырып жатыр.

Бірақ, Төлепбековтің өзге әріптестері марқұмның өзіне ол салғанына сенбейді. Оның болашаққа деген жоспары көп, өзі көңілді жігіт болатын дейді. Өлімге байланысты үй иелері ақпаратты жасырып отыр деп күдіктенеді олар.

Өлімнің нақты себебі сот-медициналық сараптамадан және тергеу жұмыстарынан кейін белгілі болады.