Қарағанды облысында жол апатынан алты адам қаза тапты

Азамат Ахметов

Оқиға орнында тергеу тобы жұмыс істеп жатыр

Көрнекі фотосурет

6 қараша күні «Алматы – Екатеринбург» тас жолында Volkswagen жеңіл автокөлігі мен Volvo жүк көлігі соқтығысты.

Қарағанды облыстық Полиция департаменті хабарлағандай, жол-көлік оқиғасы салдарынан жеңіл автокөліктің жүргізушісі мен оның бес жолаушысы оқиға орнында қаза болды.

Аталған дерек полицияда тіркеліп, тиісті сараптамалар тағайындалды. Оқиға орнында тергеу тобы жұмыс істеп жатыр.