Құтқарушылар балықшыларды әзірге мұз бетін баспауға шақырып отыр
Жергілікті жедел құтқару отрядының мәліметіне сүйенсек, қайғылы оқиға 8 қарашада Тереңкөл ауданы Қызылтаң ауылының маңында болған.
«Ертіс өзенінің негізгі арнасында екі балықшы суға батып кетті, олардың біреуінің денесін жергілікті тұрғындар алып шықты. Екіншісін іздеу жалғасып жатыр», - делінген хабарламада.
Іздеу жұмыстарына сүңгуірлік-іздестіру жұмыстарына жедел-құтқару жасағының 5 сүңгуірі, стационарлық эхолоты бар катер мен қайық тартылды. Құтқарушыларға әкімдік, орман шаруашылығының өлілдері және жергілікті тұрғындар көмектесіп жатыр.
«Бүгінгі таңда қалыңдығы адамның салмағына көтермейтін жұқа мұз қалыптасқан су учаскелері бар. Осыған байланысты құтқарушылар балықшылардан мұндай су учаскелеріне барудан бас тартуды сұрайды», - делінген хабарламада.