Қарағанды облысында төтенше жағдай жарияланауы мүмкін

Азамат Ахметов

Дауылды жел салдарынан ағаштар құлап, тұрғындар электр энергиясыз қалды

Zakon.kz

Өткен демалыс күндері Қарағанды облысында дауылды жел соқты. Құтқарушылар ауа райының салдарын жоюды жалғастырып жатыр. 

Құрбандар мен зардап шеккендер жоқ.

Өңірдегі жағдай туралы облыс әкімі Ермағанбет Бөлекпаевқа ТЖ департаментінің бастығы Мұрат Қатпанов баяндады. 

«18–19 қарашада аймақта қатты желдің салдарынан 114 тұрғын үй мен әртүрлі ғимараттардың шатырлары, қабырға қаптамаларының зақымдануы тіркелді. Қираған шатырлардың жалпы ауданы 18 947 шаршы метр. Қарағанды, Теміртау, Балқаш, Шахтинск, Ақтоғай, Абай, Бұқар жырау, Осакаров, Нұра, Қарқаралы және Шет аудандарының аумағында электр энергиясы ішінара өшіріліп қалды. Қазіргі уақытта облыс елдімекендерінің басым бөлігі электр энергиясына қосылған, үш қалада және төрт ауданда авариялық жұмыс жалғасып жатыр. Сондай-ақ, ағаштардың қирауы мен құлау қаупі туралы 85 хабарлама келіп түсті», – деді Мұрат Қатпанов. 

Ермағанбет Бөлекпаев қалалар мен аудандардың әкімдеріне қысқа мерзімде зардап шеккен нысандарды қалпына келтіруді тапсырды. ТЖ жариялап, барлығын заң аясында жасау керектігін айтты.