Екі ер адам ерегісіп қалған
Өскемен қаласында дәмхана маңында 25 жастағы жігітті өлтіріп кетті. Оқиға қаладағы Лихарев көшесінде болған.
Дәмхана алдында ер адамдар ерегесіп қалады. Бірі екіншісінің кеуде тұсына өткір зат сұғып алған. 25 жастағы жігіт оқиға орнында мерт болды.
«Аталған факт бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 99-бабы 1-бөлігіне сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Жедел іздестіру шараларының нәтижесінде күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамауға алынған», - деп хабарлады ШҚО полиция департаментінің баспасөз қызметі.
ҚР ҚПК-нің 201-бабына сәйкес өзге де ақпарат жариялау етуге жатпайды.