Олар биыл жазда ресми үйленген болатын
Танымал әнші Ерке Есмахан екінші рет ана атанды. Дүниеге ұл бала келген. Бұл туралы әншінің жолдасы Raim өзінің Instagram парақшасында жазды.
«Аль-Хамду ли-Ллях! Қош келдің, ұлым!», - деп әнші қуанышымен бөлісті.
Ерке мен Raim биыл жазда үйленген болатын. Олардың жұп құрғаны қоғамда көп пікір тудырды. Бір тарап Райымның жасы әйелінен тым кіші деп теріс пікір айтса, өзгелері екеуіне бақыт тілеп жатты.
Айта кету керек, Ерке Есмахан бұған дейін журналист Асхат Садырбайдың әйелі болған. Екеуінің ортақ ұлы бар.