Алматыда жасөспірім қыз жоғалып кетті

Бишімбаевтың ісі: бейнекамера жазбасын өшіргендер анықталды

Азамат Ахметов
Press.kz

Ішкі істер министрлігі олардың аты-жөнін түгел жариялауға уәде берді

Ішкі істер министрі Ержан Сәденов «Гастро-орталықта» қылмыс жасалған күні бейнекамера жазбасын өшіргендер анықталғанын айтты.

«Тергеу әлі жалғасып жатыр. «Гастро-орталық» директоры, яғни екінші күдікті оның туысы екенін растаймыз. Қазір тергеуге қатысты ешқандай проблема жоқ. Жақын арада тергеу амалдарын аяқтаймыз», - деді  Сәденов.

Сәденов бейнекамера жазбасын өшіргендер жайлы да айтты. 

«Қылмыстық процесс аясында олардың статусы нақтыланды. Өшірілген бүкіл бейнежазба қалпына келтірілді. Кінәлі адамдар мен куәгерлер анықталды. Тергеу аяқталғаннан кейін бейнежазбаны өшірген адамдардың бәрінің аты-жөнін жариялаймыз», - деді министр.

Еске салсақ, экс-министр Қуандық Бишімбаев елордадағы мейрамханада әйелін ұрып өлтірген еді.

Сізге қызықты болады