Алматыда жасөспірім қыз жоғалып кетті

Көкшетауда 2GIS қосымшасына Мәслихат депутаттары туралы ақпарат енгізілді

Азамат Ахметов

Тұрғындар сол арқылы өз округіне және депутатына қатысты қажетті ақпаратты ала алады

Көкшетаулықтар енді өз округының депутатын тұрғылықты жері бойынша 2GIS қосымшасы арқылы біле алады. Картада сол мекен-жайдан сайланған депутат туралы толық ақпарат, байланыс мәліметтері шығады. Қосымша арқылы тікелей байланысу функциясы да бар. 

«Көкшетау қаласында 17 сайлау округы бар. Қала тұрғындары «Округымыздың депутаты кім?», «Қабылдау күндері қашан?» деген сұрақтарды жиі қояды. Жұмысты оңтайландыру үшін 2GIS қызметімен бірге жаңа функцияны іске қостық. Ол арқылы үйіңіз қай сайлау округына қарайтынынын, округ шекарасын, депутаттың қабылдау күнін, мекен-жайын біле аласыз, сонымен қатар тікелей өтініш немесе сұрағыңызды жолдауға болады. 2GIS-тен үйдің мекен-жайын таңдағанда «қызмет» бөлімінде депутат туралы барлық ақпарат тұрады. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев азаматтардың ақпаратқа еркін қол жеткізуі, ашықтық Әділетті Қазақстанды айқын сипаттайтынын атап өткен болатын. Бұл функция халыққа одан әрі жақындай түсуге септігін тигізді деп ойлаймын», - деді Көкшетау қалалық мәслихатының төрағасы Дастан Акимов.

Теги:
Сізге қызықты болады