Олардың барлығы да ер жігіттер
Алматы қалалық полиция департаментінің мәліметінше, хостелдегі өрт салдарынан қаза тапқандардың жеке басы анықталып, сот медициналық сараптама тағайындалған.
«Қайтыс болған 13 адамның төртеуі шетелдіктер (Ресей Федерациясының 2 азаматы және Өзбекстанның 2 азаматы), тағы 9-ы – Қазақстан Республикасының азаматтары. Сот-медициналық сараптама тағайындалды», - хабарлады Алматы қалалық Полиция департаменті баспасөз қызметі
Еске салсақ, таңертең Алматыда хостел өртеніп, 13 адам қаза тапқан болатын.