Жаяу жүргіншілер де барынша сақтық шараларын сақтаған жөн
Елордалық полиция департаментінің мәліметінше, ауа райының қолайсыздығынан 4 желтоқсан күні кешкі сағат 20:00-ден 5 желтоқсанда таңғы 07:00-ге дейін Астана жолдарында 63 жол-көлік оқиғасы болған, деп хабарлайды Астана қаласының Полиция департаменті.
Қаза тапқандар мен зардап шеккендер туралы ешқандай хабарлама жоқ.
Полицейлер жүргізушілерден жолда аса сақ болуды, жылдамдықты қатаң сақтауды, кенет тежеуді жасамауды және қашықтықты сақтауды сұрайды.
«Жүргізушілер ғана емес, жаяу жүргіншілер де жазатайым оқиғаларды болдырмау үшін сақтық танытуы қажет», - деп ескертті Астана қаласының Полиция департаменті.