23 жастағы жігіт күдікті ретінде ұсталған
Батыс Қазақстан облысында жол жиегінде көлік жөндеп жатқан екі адамды көлік қағып өлтірді.
Облыстық полиция департаментінің хабарлауынша, қайғылы оқиға 8 желтоқсанда сағат 8:42-де болған.
«Орал – Атырау тасжолында тағы бір қайғылы жағдай орын алды. Атырау қаласынан келе жатқан «Toyota Ipsum» маркілі автокөлігінің 2000 жылғы жүргізушісі жолда жүру ережелерін сақтамай, жолдың жиегінде дөңгелегі жарылып, соны ауыстыруға тоқтаған «Opel» маркалы автокөлігіне келіп соғылған. Жол-көлік апаты салдарынан «Opel» маркалы автокөліктің жанында жүрген жүргізушісі мен жолаушысы оқиға орнында қаза болды», - деді БҚО ПД ӘПБ бастығы полиция подполковнигі Александр Плешаков.
Аталған дерек бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабы 4-бөлігі (Көлiк құралдарын басқаратын адамдардың жол жүрісі немесе көлiк құралдарын пайдалану қағидаларын бұзуы) бойынша сотқа дейінгі тергеу жұмыстары басталды.
БҚО полиция қызметкерлері жүргізушілерге жол үстінде жол қауіпсіздігін қатаң сақтап, мұқият болуды ескертеді.