Оның қарсыласы – 38 жастағы Акихиро Кондо
Кәсіпқой бокста жартылай орта салмақта өнер көрсететін Жанқош Тұраров (28-0, 20 KO) Алматыда өткен бокс кешінде жапон Акихиро Кондоны (37-12-2, 21 КО) жеңіп, екінші чемпиондық белбеуді иеленді.
Букмекерлер 12 раундқа жоспарланған жекте-жекте Тұраров 38 жастағы қарсыласын нокаутпен жеңеді деген болжам жасаған болатын. Алайда, жапон боксшысы кездесудің соңына дейін шыдап, айтарлықтай қарсылық таныта білді. Нәтижесінде 118:110, 120:108, 118:110 есебімен Жанқош Тұраров жеңіске жетті.
Осылайша, қазақстандық боксшыда өзіне тиесілі IBO белбеуінен бөлек енді WBA Gold белбеуі де тиесілі.