Солтүстік Қазақстанда үй өртеніп, екі адам қаза тапты

Азамат Ахметов

Өрт сөндірушілер келем дегенше үй толық өртеніп кеткен

Көрнекі фотосурет: Pixabay

Солтүстік Қазақстан облысы Шал ақын ауданындағы Семиполка ауылында бір үйдің екі адамы өрттен қайтыс болды деп хабарлайды облыстың Төтенше жағдайлар департаменті.

СҚО төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, бүгін таңғы сағат 4:50 шамасында Шал ақын аудандық өрт сөндіру қызметіне Семиполка елдімекенінде өрт шыққаны туралы хабар түскен.  

«Өрт сөндірушілер келгенде үй толық отқа оранып үлгерген екен. Есік іштен жабық болған. Тек таңғы 9:30 шамасында ғана өрт толық сөндірілді. Оқиға орнынан бір адамның денесі табылды. Көршілердің айтуынша, үйде ер және әйел адам тұрған. Сондықтан қазір екіншісінің денесі іздестіріліп жатыр», - дейді СҚО төтенше жағдайлар департаменті бастығының орынбасары Дмитрий Растихин.

Теги: