Оқиға 12 желтоқсанға қараған түні болған
Солтүстік Қазақстан облысындағы ауылдардың бірінде әкімдік ғимараты өртеніп кетті деп хабарлады Петропавлньюс порталы.
«Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданы Воскресеновка ауылында әкімдік ғимараты өртеніп жатыр», - делінген аталған хабарламада.
Воскресеновка ауылдық әкімдігінде болған өрт салдарынан елдімекен толығымен жарықсыз қалды.
Өрт 12 желтоқсанға қараған түні болған.