Дегенмен, нақты кімдердің үстінен іс қозғалғаны айтылмады
Бас прокуратура ұлттық киноны қолдауға бөлінген бюджет қаражатының ұрланғанын анықтады.
Ведомстводан хабарлағандай, «Шәкен Айманов атындағы Қазақфильм» акционерлік қоғамын тексеру қорытындысы бойынша аса ірі көлемде бюджет қаражатын ұрлау фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастады.
«Алдын ала мәлімет бойынша, фильм түсіруге бөлінген 400 миллион теңгеден астам қаржының ұрланғаны анықталды», - делінген хабарламада.
Сотқа дейінгі тергеп-тексеруді Экономикалық тергеп-тексеру департаменті жүргізіп жатыр.