31 жастағы ер адам жұмыс кезінде көз жұмған
«Қазақмыс» компаниясының баспасөз қызметінің хабарлауынша, жазатайым оқиға 2023 жылдың 26 желтоқсанында Ұлытау өңірінде орналасқан Жыланды кенішінде болған.
«Сағат 18:30-да «Шығыс Сары-Оба» кенішінің учаскелерінің бірінде жерастында өздігінен жүретін машинаны жүргізу барысында 1992 жылы туған машинисті абайсызда қағып кеткен. Қызметкер алған дене жарақаттарынан қайтыс болды. «Қазақмыс» компаниясының басшылығы мен еңбек ұжымы марқұмның отбасы мен жақындарына қайғыларына ортақтасып көңіл айтады», - делінген хабарламада.
Оқиғаға қатысты арнайы комиссия құрылды.