Кішігірім жарылыстан үйдің қабырғасы құлаған
2 қаңтарда Атырау қаласы Көкарна ауылындағы тұрғын үйлердің бірінде түтін шығып жатқаны туралы мәлімет пайда болған.
Бұл туралы ТЖД Қоғаммен байланыс тобы хабарлады. Өрт сөндіру бөлімшелері шақырту орнына келген кезде газ-ауа қоспасының дүмпуі орын алғаны, содан кейін 9 шаршы метр көлемінде қабырғаның қирауы және 140 шаршы метр алаңда үйдің жануы анықталды.
«Өрт сағат 12:03-те оқшауланып, 12:22-де жойылды. Салдарынан бес адамды күйік шалып, ауруханаға жатқызылды. Өртті сөндіруге облыстық ТЖД 16 қызметкері мен үш техникасы жұмылдырылды», - деп хабарлады ТЖД.