Алматыда жасөспірім қыз жоғалып кетті

QazAvtoJol-дың шенді қызметкері пара алып ұсталды

Азамат Ахметов
Көрнекі фотосурет

Күдіктінің кімнен нақты қанша ақша алғаны әлі айтылмады

QazAvtoJol компаниясының Жамбыл облыстық бөлімі директорының орынбасары пара алу күдігімен ұсталды, деп хабарлайды Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі.

«Сотқа дейінгі тергеудің басталғаны туралы растаймыз. Қосымша ақпаратты жақын уақытта хабарлаймыз», - деді агенттіктен.

Кейбір БАҚ-тың жазуынша, директор орынбасары Дәурен Төлтаев қызылордалық мердігер компаниядан ақша бопсалаған.

Бұған дейін БАҚ-та QazAvtoJol мекемесінің Жамбыл бөлімшесінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы агенттік алғашқы қар жауған кезде жолдарды тазалауға бөлінген қаражаттың ұрлану фактісін тексеріп жатқаны туралы ақпарат пайда болған еді.

Алайда QazAvtoJol «қысқы жөндеу жұмыстарының уақтылы аяқталмағаны үшін жауапкершілікке тартылады» деген ақпаратты жоққа шығарды.

Сізге қызықты болады