Аталған дерек бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды
Орал – Атырау тасжолында болған автокөлік апатынан үш адам қаза тауып, 8 адам ауруханаға жеткізілді.
«Мой город» басылымының жазуынша, қайғылы оқиға 7 қаңтарда сағат 13:30 шамасында Орал – Атырау тасжолында болған.
«Бәйтерек ауданы Янайкино ауылының маңында Chevrolet Nexia мен Toyota Ipsum көліктері соқтығысып, соның салдарынан екі жүргізуші мен бір жолаушы қаза тапты. Жол апатынан зардап шеккен сегіз адам ауруханаға жеткізілді», - делінген БҚО ПД баспасөз қызметінің хабарламасында.
Аталған дерек бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабы «Жол қозғалысы ережелерін бұзу» бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүріп жатыр.