Екеуі де оқиға орнында қайтыс болған
21 қаңтар күні таңғы сағат 07:27 кезінде Шығанақ-Шу учаскесінің Жиделі-Бірлік учаскесінде екі теміржолшыны пойыз басып кеткен. Бұл туралы ҚТЖ-ның баспасөз қызметі хабарлап отыр.
Пойыз машинисі апаттық тежегішті басқанымен құрамды тоқтату мүмкін болмаған.
«Бүкіл мән-жайды анықтау үшін оқиға орнына ҚТЖ комиссиясы аттанды. Тергеу басталды.
ҚТЖ қызметкерлердің отбасына көңіл айтып, оларға қажетті көмекті көрсетеді», - деп хабарлады «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ баспасөз қызметі.
Ал, белгілі журналист Михаил Козачков болса өзінің Telegram-каналында ҚТЖ-ны сынап, компанияның тып-тыныш жатқанына наразылық білдірді.