Алматыда жасөспірім қыз жоғалып кетті

Алматыда қуатты жер сілкінісі еліміздің бірнеше өңірінде сезілді

Азамат Ахметов
t.me/KZgovernment

Кейбір азаматтар терезеден секіріп кетіп жарақат алған

23 қаңтарға қараған түні Астана уақытымен сағат 00:09-да Алматы қаласынан оңтүстік-шығысқа қарай 264 км жерде эпицентрі Қырғызстан мен Қытай шекарасында орналасқан жер сілкінісі тіркелді.  

Жерасты дүмпуі Алматыда 5 балл болып тіркелсе, Шымкентте 2 балдық дүмпулер тіркелді. Жер сілкінісі сондай-ақ, Астанада, ШҚО, Жамбыл, Жетісу және Қарағанды облыстарында да сезілді.  

ТЖМ Дағдарыс жағдайларында басқару орталығының базасында Төтенше жағдайлар министрі генерал-майор Сырым Шәріпхановтың басшылығымен азаматтық қорғау қызметтерін тарта отырып, жедел тәртіппен ТЖ жою жөніндегі республикалық жедел штаб құрылып және жұмыс істеуде.  

Бұл штабтарда ТЖМ психологтарын тарта отырып, жедел желі телефондары жұмыс жасауда. ТЖ министрінің тапсырмасы бойынша күштер мен құралдар жоғары дайындыққа келтірілді. Республиканың қалалары мен облыстарында зардап шеккендер мен қираулар туралы ақпарат түскен жоқ. Қырғызстан және Өзбекстан ТЖМ кезекші қызметтерінің ақпараты бойынша аталған республикаларда да жер сілкінісі тіркелген.

Сізге қызықты болады