Алматыда жасөспірім қыз жоғалып кетті

Ақмола облысында өртенген үйден ер адамның мәйіті табылды

Азамат Ахметов
Көрнекі фотосурет

Өрт қауіпсіздік ережелерін сақтамаудан болған деген болжам бар

Оқиға орнына 1966 жылы туған ер адамның денесі табылды  

19 ақпанда 04-45-те Ақкөл ауданында Еңбек ауылы, Целинная көшесіндегі жеке тұрғын үйде өрт болды деп хабарлайды Ақмола облысы ТЖД баспасөз қызметі. Қызыл жалын 65 шаршы метр аумақты шарпыған.

Шақыру орнына ТЖД күштерінің жеке құрамының 7 адамы және 2 техникасы дереу жіберілді. 

«06-55-те оқшауланған өрт 08-18-де жойылды. Өрт орнында үйінділерді талдау барысында 1966 жылы туған ер азаматтың денесі табылды. Ақмола облысының ТЖД азаматтарды өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтауға шақырады. Төтенше жағдайлар туындаған жағдайда «101» немесе «112» нөмірі бойынша хабарласу қажет», - делінген хабарламада.

Сізге қызықты болады