Алматыда жасөспірім қыз жоғалып кетті

2 жасар қызды әкесі байқаусызда көлікпен басып кетті

Азамат Ахметов
Фото ашық дереккөзден

Сәби жедел жәрдем көлігінде көз жұмған

Ақмола облысында екі жасар сәбиді өз әкесі байқаусызда көлікпен басып мерт қылды деп хабарлады облыстық Полиция басқармасы.

Ата-анасы әдеттегідей таңертең «Шаңырақ» балабақшасына екі жастағы қызын алып келген. Анасы қызымен балабақшаға шығып кеткенде әкесі көлікті аздап кейін жылжытып қоймақ болады. Бірақ әлі өтіп үлгермеген балақай көлік дөңгелегінің астында қалады.  

Қазіргі уақытта оқиғаның қалай болғанын куәгерлер талқылап жатыр. Өкінішке қарай, қыз баланы аман алып қалу мүмкін болмаған. Балақай жедел жәрдем көлігінде көз жұмды.  

Полиция оқиғаның мән-жайын тергеп жатыр.

Сізге қызықты болады